#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Ақтөбе облысының күндері өтуде

Қасиетті Рамазан айында қазақтың ежелгі астанасы Түркістан жеріне табанымыздың тигеніне көңілімізді қуаныш кернейді.

14-15 сәуір күндері Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бес жылдығына орайластырылған Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото баспасөз қызметінен алынды

Бүгін Түркістанда осы маңызды іс-шаралар басталды. Алдымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мәдени күндердің маңыздылығына тоқталған болатын.
— Шежірелі Түркістан шаһарының тарихына қарасақ, XVII ғасырда бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғаны мәлім.
Мағжан ақын жырлаған «Ер Түріктің бесігі Түркістанға – алтын бесік Ақтөбеден» келіп жеткен керуеннің мақсаты үлкен. Екі өңірдің арасында бұрыннан бар рухани-мәдени алтын көпірді нығайту, аймақаралық қарым-қатынасты ұдайы дамытып отыру, — деген ол эноауылда бастау алған іс-шарада да құттықтау сөз сөйледі. Сонымен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов та сөз сөйлеп, арнайы келіп, Түркістанға құрмет көрсеткен ақтөбелік ағайынға ризашылығын білдірді.
Ақтөбе облысының күндері аясында Түркістан тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе өңірінің ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алып, бірқатар мәдени және ойын-сауық іс-шараларын тамашалай алады.
14 сәуірде этноауыл аумағында қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының этнографиялық коллекциясының көрмесі, театрландырылған көрініс, дәстүрлі орындаушылардың концерттік бағдарламалары өтті.
Ал кешке «Керуен сарай» туристік кешенінде ақтөбелік әншілердің «Алтын аймақ — Ақтөбе» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Түркістан музыкалық драма театрында Ғ.Жұбанова атындағы филармония ұжымы әзірлеген И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклі, қазақ тарихындағы ең жарқын кезең — Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған өр рухты батырдың ерлігін дәріптейтін тұңғыш қойылым — «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы сахналанады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 15 сәуір күні экобазарда өтеді. Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары түркістандықтарға ет-сүт өнімдерін, көкөністер, кондитерлік өнімдер және т.б. ұсынады.
Сондай-ақ бұл күні Farab кітапханасында әр түрлі көрмелер өтіп, ақтөбелік ақындар мен жазушылар оқырмандармен кездеседі, сонымен қатар, облыстық планетарийдің сандық толық күмбезді бағдарламасы ұйымдастырылады. «Алақай» қуыршақ театры «Жадыра, жайна достар» қойылымын көрсетеді.
Ал «Конгресс-холл» кешенінде Ақтөбе облысының өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдарының «Сәлем, Түркістан!» атты гала-концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...

Ұлттық ағарту саласының ұлағатты перзенті өмірден озды

Еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарының ректоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметкер болып, талантты шәкірттер баулыған ұлағатты ұстаз, ел ісіне етене араласқан көрнекті...

Айтыскер ақын Біржан Байтуовпен шығармашылық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласы «Отырар» колледжінде қазанның 17 мен 22-сі күні аралығында «Тіл тұғыры, ел ғұмыры» атты апталық аясында Ерлан Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен республикалық дәрежедегі айтыскер ақын,...

«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. Мереке қарсаңында марапатталған азаматтардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер,...

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...