#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша кеңейтілген кеңес өтті, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының» жобасы жан-жақты талқыланды.

Іс-шара облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттар, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшыларының, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Е.Жолмағамбет әзірленіп жатқан «2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына» тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар нақты реформалар мен жобаларды қамтитын Тұжырымдама міндеттерінің 6 блогын талқылады. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлықты төзбеушілікті қалыптастыру, бизнеске корпоративтік әдеп арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндеттерді шешу бар.

«Тұжырымдамаға азаматтық қоғам, соның ішінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары енгізілгенін атап өту маңызды. Стратегиялық құжатқа сіздердің ұсыныстарыңыз енгізілді, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы мемлекеттік компаниялардың үлестерінің қысқаруы, бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту және т. б.

Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі және кешенді жоюға бағытталған. Сана мен моральдық қағидаларды өзгертуге маңызды рөл берілді. Біздің мақсатымыз — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитеті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін материалдық жағынан тиімсіз болатын жағдайлар жасалады», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы.

Бұдан басқа, Тұжырымдаманың негізгі бөлімдерін талқылау барысында бизнес-ортаға енгізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу, комплаенс-офицерлерді даярлау, контрагенттердің адалдығын бағалау, бизнес-өнімдерді ерікті таңбалау, «таза толқын» белгісінің қызметтері және т.б. сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға ерекше назар аударылды.

Баяндамаларды талқылау аясында кеңеске қатысушылар банк, мемлекеттік сатып алу және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды атады.

Өткен іс-шара соңында ШҚО әкімдігінің басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамаларын қолдай отырып, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Ақтөбе облысының күндері өтуде

14-15 сәуір күндері Түркістан қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бес жылдығына орайластырылған Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімінің баспасөз...

Түркістан: 22 елді мекен газдандырылды

Түркістан облысының 6 ауданындағы 22 елді мекеннің тұрғындары көптен күткен «көгілдір отынға» қосылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алғашқы...

Түркістан: Жөргек шығаратын зауыт ТМД нарығына өнім экспорттамақ

Қазақстандағы жөргек шығаратын алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме...

ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша кеңейтілген кеңес өтті, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының» жобасы жан-жақты талқыланды. Іс-шара...

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...