#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам ретінде (Жоғарғы Соттың судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы 7 мың долларды ұрлауға тырысты деп тапты. Жанғұттинов ақша алған кезде ұсталған.

Тұрғынбаева делдал арқылы жауапты мемлекеттік қызметтегі адамға ірі көлемде – 27 мың доллар пара берген.

Тергеу органы Абдусаттаровқа қатысты құқық қорғау органына пара бергені туралы өз еркімен арыздануына байланысты қылмыстық істі сот талқылауына дейін тоқтатты.

«Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваның кінәсі мына дәлелдемелер арқылы дәлелденді. Тұрғынбаева өз кінәсін мойындап, Абдусаттаров арқылы Жанғұттиновке пара ретінде ақша бергенін айтты, ол өз айғағын растады. Абдусаттаровтың ақшаны алғаны туралы қолхаты бар.

Тұрғынбаеваның қызы Абдусаттаровқа ақша аударылғанын растады. Тұрғынбаева мен Абдусаттаровтың кездесуі мен әңгімесінің жазбаларына қарағанда, олар ақшаны аударудың мән-жайы мен мақсатын талқылап жатқаны анық.

Жасырын тергеу әрекеттері, оқиға орнын тексеру нәтижесі бойынша Жанғұттинов Абдусаттаровтан 7 мың доллар алғаны анықталды», — деді сот.

Сот Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваның судья антын бұзғаны жазаны ауырлататын мән-жай деп танып, нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны әділетті санады.

«Жанғұттинов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тұрғынбаеваға жазаны жеңілдететін мән-жай – жасаған ісіне өкіну, қылмысты ашуға және қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсене көмектесу (ҚК-ның 55-бабы 4-бөлігі) ескеріліп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі айыпталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...