#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі педагогтардың мәртебесі туралы заңның қабылдануы болды. Өздеріңізде білесіздер, Мемлекет басшысы заң қабылдау және педагогтардың жалақысын кемінде 2 есе ұлғайту туралы міндет жүктеді. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, өзекті міндет», — деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында. Оның атап өтуінше, 2019 жылға дейін педагогика мамандығына түсудің орташа балы өте төмен, 55-60 балды ғана құрап келді. Ал заң қабылданғаннан кейін 2019 жылдан бастап нақты іс-шаралар қабылданып, аталған мамандықтарға түсу шекті балы 75-ке жетті. «Биылғы ҰБТ қорытындысында педагогика мамандығына түсушілердің орташа балы 96 балды құрады. Құзіретті, бәсекеге қабілетті мықты түлектер осы мамандықты таңдап жатқанын білдіреді. Соған орай ертең мектептерімізді мықты педагогтер келеді. Қазірдің өзінде заң жұмыс істеп тұр деуге болады», — деді ол. Министр педагогтардың жалақысы да айтарлықтай өскенін атап өтті. «Педагогтардың еңбек жағдайлары жақсарды. Жалақы көтерілді. Егер егер заң жобасы қабылданғанға дейін орташа жалақы шамамен 109 мың теңге болса, бүгінде 200 мың теңгеден асып түсті. Бұл еліміздегі педагогтардың орташа жалақысы», — деді Асхат Аймағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...

Ұлттық ағарту саласының ұлағатты перзенті өмірден озды

Еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарының ректоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметкер болып, талантты шәкірттер баулыған ұлағатты ұстаз, ел ісіне етене араласқан көрнекті...

Айтыскер ақын Біржан Байтуовпен шығармашылық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласы «Отырар» колледжінде қазанның 17 мен 22-сі күні аралығында «Тіл тұғыры, ел ғұмыры» атты апталық аясында Ерлан Құдайбергеновтің ұйымдастыруымен республикалық дәрежедегі айтыскер ақын,...

«AMANAT»: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАРТИЯЛЫҚ НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. Мереке қарсаңында марапатталған азаматтардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер,...

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...