#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның білім беру саласында 250-ден аса қылмыс анықталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Комиссия отырысында инфрақұрылымды дамыту бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы қаралды. Бұл бағдарламаның іске асырылуы бірқатар саланы дамытуға, соның ішінде ішкі жалпы өнімді арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, транзит көлемін көбейтуге ықпал етті. Одан бөлек жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерін азайтуға да септігін тигізді.

Дегенмен мемлекеттік органдар мақсатты индикаторлар мен нәтижелердің бәріне бірдей қол жеткізбеген. Бұдан бөлек құқық қорғау және бақылаушы органдар жекелеген қаржылық құқықбұзушылықтарды, сондай-ақ, бюджет қаржысының тиімсіз жоспарланғанын анықтаған.

Жиында бұл мәселе жан-жақты талқыланып, оны шешуге және алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол жібермеуге қатысты нақты ұсыныстар берілді.

«Комиссия отырысында орта және жоғары білім беру бағытын дамытуға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуына қатысты жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы да талқыланды. Бұл бағытта Есеп комитеті бірқатар  мәселені анықтады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктері 250 қылмысты тіркеген«, — делінген хабарламада.

Кемшіліктерді жою үшін Білім және ғылым министрлігіне, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдеріне қатысты қатаң шара қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысында қаржы жымқыру, қызметін асыра пайдалану секілді заңбұзушылықтарға жол берілмеуі қажет екеніне назар аударылды.

Жиын қорытындысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев талқыланған мәселелер бойынша мемлекеттік және атқарушы органдарға бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...