#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери техника береді: Тоқаев заңдарға қол қойды

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды.

Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Президент қол қойған заңдар:

  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына;
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына.

Қырғызстанмен келісімге ел Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2021 жылғы 2 наурызда қол қойылды. Ол Қырғыз тарапына әскери мүлікті, оқ-дәрілерді және арнайы жабдықтарды бір рет беруді көздейді. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қырғыз Республикасының Қойташ елді мекеніне дейін автомобиль көлігімен жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді және өзіне алады. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

Тәжікстанмен келісімге 2021 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының 2020 жылғы Тәжікстан Президентімен кездесуінің қорытындысы жөніндегі тапсырмасын және тәжік тарапының әскери-техникалық көмек көрсету туралы сұрау салуын іске асыру шеңберінде қол қойылды. Құжат әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілерді тәжік тарапына бір рет беруді қарастырады. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Жамбыл облысының Отар станциясынан Душанбе қаласына дейін теміржол көлігімен жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді және өзіне алады. Келісім шеңберінде тәжік тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

Соңғы жаңалықтар

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аймағын алғашында 7 700 гектарға құру жоспарланса, қазір ол меже 13 629 гектарға жетіп, аталған аймақта көшеттер күтіп-бапталуда. Қазіргі...

Түркістандық таеатр Х «Babel F.A.S.T.» фестиваліне қатысты

Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері...

Түркістан облысында отандық «Avtopicnik» көлігі құрастырылды

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне...

Turkistan: «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектар жерді жайылымға қайтарды

Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым қайтарылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында 3,1 млн....

Түркістан: Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгісі табылды (фото)

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. Сондай-ақ, аталған үңгірден тас құралдары мен...

Shymkent: 1964 жылы пайдалануға берілген Балалар үйі күрделі жөндеуден өтуде

Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің баспасөз...

Ресей дәнді дақылдарды қайда экспорттайтыны белгілі болды

Ресей ауыл шаруашылық (егін) өнімдерін тек "дос" елдерге сататын болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. РФ Ауыл шаруашылық министрі Дмитрий Патрушев Ресейдің агро сектордағы азық-түлік...

Кенді қаланың «Бас жоспары» өзгереді

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың жаңа "Бас жоспарын" таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің...