Бүгін Түркістанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Көпшілікке Тұңғыш Президенттің қызметтік жолы, Түркістанға келген іссапарлары, шетел басшыларымен кездесулерінен суреттер ұсынылған «Елбасы және Ұлы дала мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында LED экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаты туралы деректі туынды көрсетілді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов жұртшылықты мерекемен құттықтап, әр түрлі сала қызметкерлерін облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
«Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Мемлекетімізді дамытуда Елбасымыздың еңбегі ерен. Қасымызда алпауыт державалар тұр. Солармен келісіп еліміздің шекарасын бекіту деген үлкен жұмыс. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз, дініміз, мәдениетіміз тұғырына қонды. Тәуелсіздікті жариялаумен мәселе шешілмейді. Оны сақтау қажет. Әлемде 5 мыңдай тіл, яғни, 5 мың ұлт бар. Солардың небәрі 200-ден астамында ғана мемекет бар. Сондықтан тұрақтылықты сақтауда, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасы еңбегі айтылуы тиіс. Тұңғыш Президенттің тікелей қолдауымен Түркістанымыз қалай өзгергенін қоғам көріп, біліп отыр.»
Мерекелік іс-шарада Түркістан облысының танымал әншілері мен өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.