Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті нақты жұмыс орындалмаса да жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан «ГорСнаб» ЖШС директорын анықтады.
«Ол басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3 пайыз мөлшерінде сыйақы алып отырған», — деп хабарлады агенттік.
Нәтижесінде, мемлекетке 300 миллион теңгеден аса шығын келтірілді. ЖШС директоры 2,6 жылға сотталды.