#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды

Қазақстанда 2021 жылы COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды.

Қазақстанда 2021 жылы COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, 2021 жылғы 10 ай ішінде COVID-19 инфекциясынан Қазақстанда 11 бала қайтыс болған.

«Жедел деректер бойынша 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан 1 айлық екі бала (Павлодар облысы, Алматы қаласы), 6 мектеп жасына дейінгі бала (Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары), 3 мектеп оқушысы (Қарағанды, Қызылорда облыстыры және Нұр-Сұлтан) қайтыс болды», — делінген Tengrinews.kz тілшісі сауалына департамент берген жауапта.

Ведомство мәліметінше, балалар арасында COVID-19 жұқтырудың алдын алу шаралары ересектердегідей: санитарлық нормаларды сақтау, медициналық бетперде тағу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, вакцина алу.

«Балаларда COVID-19 жұқтырғанда клиникалық белгілер: дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромы дамиды, асқазан-ішек жолдары зақымдануы мүмкін, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері бар пневмония жағдайлары», — деді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева былтырғымен салыстырғанда 2021 жылы коронавирусты ауыр өткерген балалар саны 20 есеге артқанын айтқан болатын. Орташа ауырлықтағы жағдайлар саны 10 есеге артқан.

Соңғы жаңалықтар

ROI тұтынушылар кооперативі 3 жылдығы қарсаңында жүзінші отбасыға үй сыйлады

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аймағын алғашында 7 700 гектарға құру жоспарланса, қазір ол меже 13 629 гектарға жетіп, аталған аймақта көшеттер күтіп-бапталуда. Қазіргі...

Түркістандық таеатр Х «Babel F.A.S.T.» фестиваліне қатысты

Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері...

Түркістан облысында отандық «Avtopicnik» көлігі құрастырылды

Аталған көлік жобасы Келес ауданындағы №13 колледж мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне...

Turkistan: «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектар жерді жайылымға қайтарды

Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым қайтарылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында 3,1 млн....

Түркістан: Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгісі табылды (фото)

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. Сондай-ақ, аталған үңгірден тас құралдары мен...

Shymkent: 1964 жылы пайдалануға берілген Балалар үйі күрделі жөндеуден өтуде

Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің баспасөз...

Ресей дәнді дақылдарды қайда экспорттайтыны белгілі болды

Ресей ауыл шаруашылық (егін) өнімдерін тек "дос" елдерге сататын болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты. РФ Ауыл шаруашылық министрі Дмитрий Патрушев Ресейдің агро сектордағы азық-түлік...

Кенді қаланың «Бас жоспары» өзгереді

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың жаңа "Бас жоспарын" таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің...