Жетісай ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін ауылшаруашылығы саласында 86,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде: мал шаруашылығы 15,6 млрд.тг, өсімдік шаруашылығы 70,9 млрд.теңге болды. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 млрд. теңгеге артық. НКИ 104, 8% болып тұр.
Биыл ауданда 78,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: 44,0 мың гектардан астам жерге мақта, 21 мың га бақша, 10,1 мың га мал азықтық (оның ішінде: 4,9 мың га жерге дәндік жүгері, 192,5 га жерге сүрлемдік жүгері, 2,0 мың га жерге жаңа жоңышқа, 3,0 мың га жерге ескі жоңышқа), 3,0 мың га көкөніс және т.б. дақылдар егілді.
Қазіргі таңда ауданда мақта терім науқаны аяқталды, Оның ішінде: қол терім 6351 га болса, машиналық әдіспен 37691 га жерден жалпы 112 тонна мақта жиналды.
Мақта терімі науқанына 715 дана тракторлар, 897 дана тіркемелер, 61 дана ОВХ (бүріккіш), 219 дана мақта терім машиналары (комбайн) қатысады.
Одан бөлек, дәндік жүгеріден 31 мың тонна, картоп және көкөніс 85 мың тонна, бақша 651500 тонна, сүрлемдік жүгеріден 27 мың тонна, жоңышқадан 92 мың тонна өнім алынды.
Ауданда 1 жерден 2-3 өнім алу жобасын іске асыру мақсатында, биылғы жылы 361 шаруа қожалық иелері 854 га жерге бірінші өнімге қырыққабат дақылын егіп, екінші өнімге бақша, дәндік жүгері, мақта, асқабақ, сәбіз, маш дақылдарын егіп, бүгінгі таңда одан бақша, жүгері, асқабақ, сәбіз, маш дақылдарын екті.
«Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген «4550 тонна жеңілдетілген жанар-жағар майды таратуға «Жол ырысы» ЖШС, ЖК «Әуезов» және «РосАзияНефть» ЖШС бекітіліп, бүгінгі таңға 3700 тонна жанар-жағар май таратылды. (81,5%).
Ауданда мал азықтық дақылдарын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 190 мың тонна мал азығы дайындау жоспарланған болса, Бүгінгі күнге 194,7 мың тонна мал азықтық шөптер дайындалды» дейді Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абуов Марат