#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанға денсаулық сақтау вице-министрі іссапармен келді

Түркістанға жұмыс сапары барысында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер – Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен, вакцинация барысымен және инфекциямен күресудің басқа да бағыттарымен танысты.

Түркістанға жұмыс сапары барысында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер – Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен, вакцинация барысымен және инфекциямен күресудің басқа да бағыттарымен танысты.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі дәрігерлермен кездесу барысында Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша ұзақ уақыт «жасыл» аймақта тұрған республикадағы жалғыз өңір болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, вице-министр облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановпен бірге қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінде болды. Мұнда ол бактериологиялық және санитариялық-гигиеналық зертханалардың бөлмелерін тексерді. Сараптамалық бөлімше 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жылжымалы зертханалық кешенге қол жеткізді. Жаңа технологиялармен жабдықталған кешен Ресей Федерациясында да бар. Қазіргі уақытта кешенде ПТР сынамаларын зерттеу қызметі жұмыс істейді.

Түркістанда 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер арасында COVID-19-ға қарсы «Pfizer» препаратымен вакцинация жалғасуда. Мекемелерде алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық мамандар арнайы оқудан өткен.

«Pfizer» вакцинациясы ерікті түрде жүргізіледі, оның ішінде ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ғана егілетін жасөспірімдер де бар. Қазіргі уақытта аймақ бойынша «Pfizer» препаратын қабылдағандардың саны – 14097 адам. Оның 11162 – і жасөспірім, 1921 – і жүкті және 1014-і бала емізетін әйелдер. Вакцинациядан кейін пациенттер дәрігерлердің бақылауында болады. Айта кетейік, Түркістан облысына 46800 дана «Pfizer» препаратының партиясы жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар