#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев «омикрон» штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың «омикрон» штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ДДСҰ мен денсаулық сақтау жүйесіне мүше барлық мемлекет күрделі дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Бүкіл әлемде тез тарала бастаған «омикрон» штамы — жаңа жаһандық қауіп. Өкінішке қарай, пандемия халықаралық ынтымақтастықтың көптеген кемшілігін көрсетті, дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдары әлеуметтік саясатты барлық деңгейде қайта қарауға әкелді. Пандемия ынтымақтастыққа және биологиялық сын-қатерлерді еңсерудің тиімді жүйесіне негізделген жаңа жаһандық тәсіл қажет екенін көрсетті», — деді Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының «омикрон» штамының таралуы жағдайында пандемияға дайындық мәселелері жөніндегі сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, елдің вирусқа қарсы осал заңдылықтарын анықтау маңызды. Ол төтенше жағдайларға дайындық туралы конвенцияны немесе ДДСҰ халықаралық құжатын жасау бастамасын қолдады.

«Қазіргі пандемия бұл денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ғана емес. Дағдарыс елдік деңгейдегі және ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі құрылымдық кемшіліктерді ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі теңсіздікті де көрсетті. Сондықтан Қазақстан біркелкі қолжетімділікті қамтамасыз етуге (COVID-19 вакциналарына — ескерт.) үлес қосып жатыр. Біз өз тарапымыздан QazVac вакцинасын әзірледік. Оны өз елімізде тиімді пайдаланып қана қоймай, Орталық Азияға да ұсынамыз», — деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар