#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Әлем чемпионатында шардаралықтар 22 алтын медаль жеңіп алды

Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды.

Армрестлингтен Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде жасөспірімдер және жастар арасында сайыс аяқталды. Дүбірлі сында ұлттық құрама сапында Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері бақ сынап, кіл мықтылар додасында Әнұранымызды 22 рет шырқатты. Ел қоржынына 22 алтын медаль салған сайыпқырандар сенімді ақтады.
Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 45 келіде – Базарбай Асылжан, 50 келіде – Ибрагим Әділет (сол қол), Сәрсенбай Жармахан (оң қол), 55 келіде – Раим Бекарыс (сол қол), Мансұр Мұқағали (оң қол), 60 келіде – Серікхан Саят, 65 келіде – Басымбек Нұрболат, 70 келіде – Полат Ермахан, + 70 келіде Роман Данияр чемпион атанды. Жеткіншек қыздар арасында 50 келіде – Абдулла Аружан, 60 келіде Оразхан Ырысты топ жарды.
Жасөспірім ұлдар арасында 55 келіде – Тұрғанбек Тұрарбек (сол қол), Ахметов Қуандық (оң қол), 60 келіде – Ерсайын Мейрамбек (сол қол), Самат Мұқасан (оң қол), 65 келіде – Мұхамбетов Ердәулет (сол қол), Ақтай Бекқуат (оң қол), 70 келіде Саттар Шерхан чемпион болды.
Жасөспірім қыздар арасында 45 келіде – Зиядулла Назира, 50 келіде Тазабек Зейнеп қарсылас шақ келтірмеді. Ал жастар арасында Сарыбай Ердәулет (65 келі) мен Қаржау Есболат (90 келі) қоржынға алтын жүлде салды.
Енді ересектер арасында жүлделер сарапқа салынады. Бұл сында да Қазақстан қоржыны жүлделермен толығады деген сенім зор.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...