#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 7 сынып оқушысы қайтыс болды

Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7 сынып оқушысы көз жұмды.

Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етенің кеңеюі» диагнозын қойып отыр. — Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорын, баланың ата-анасын хабардар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы. Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағандығын айтты. Яғни, ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.

Соңғы жаңалықтар