Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Статистикаға сүйенсек, облыстағы орташа жалақы 350 мың теңге. Бұл республикадағы орташа деңгейден жоғары. Мұнай-газ саласында басқа салалардан айтарлықтай жоғары жалақы алады. Сондықтан көрсеткіштер осындай», — деді Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жалақысы мен тұрғындардың табысы туралы сауалға жауап берген болатын.