Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- Түркістан қаласынан 11 бағытта;
- Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
- Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билеттердің құны 8-25 мың теңге аралығында болады. Рейс ашылған сәттен бастап билеттердің бағасы өзгермейді.