Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елімізде астық жинау науқаны аяқталды. Биыл 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.
Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60%-ды құрайды.
Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті. Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, олардың жалпы жинау алаңынан 3,0 млн га (96,6%) жиналды, 2,3 млн тонна бастырылды