#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев саяси реформалар жалғасатынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды жариялап, кез келген өзгеріс халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуы тиіс деп мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды жариялап, кез келген өзгеріс халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуы тиіс деп мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір айдан кейін еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл бүкіл халық үшін маңызды күн және ел дамуындағы маңызды кезең. 30 жыл ішінде өмірдің барлық саласына жүргізілген реформалар қоғамды түбегейлі өзгертті және басында таңдалған жолдың дұрыстығын көрсетті. Біз осы тарихи күнді қуатты мемлекет және біртұтас халық ретінде атап өтеміз.

Бірақ жетістіктерге қанағаттанып, тоқтап қалуға болмайды. Елді одан әрі дамытамыз. Саяси реформалар, экономиканы дамыту және әлеуметтік даму жалғасады», — деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) отырысында.

Ол Үкіметтің мақсаты елде реформа болуы үшін реформа жасау емес екенін айтты.

«Ешкімге мағынасыз диалог қажет емес. Кез келген өзгерістер нәтижесінде халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту керек. Мемлекет пен қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды ғана іске асыру қажет. Бұл мен үшін басты қағида», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар