#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Қазақстан аруы» жеңімпаздары анықталды

"Қазақстан аруы - 2021" байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды.

«Қазақстан аруы — 2021» байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды, — деп хабарлайды  ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан аруы» атағын бірден үш жеңімпаз иеленді. Олардың әрқайсысы Қазақстанды ірі халықаралық байқауларда таныстырады.

«Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан ақтөбелік 23 жастағы Назерке Карманова шығады. Ол Ақтөбедегі Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Қазір Алматыдағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді. Бойжеткен бос уақытында садақ атумен айналысады, видеоға, суретке түсіргенді ұнатады.

Байқаудың тағы бір жеңімпазы 21 жастағы Айдана Ахатаева болды. Ол — «Астана аруы — 2021» иегері. Айдана «Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан шығады. 21 жастағы бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, қазір елордада музыкалық студиялардың бірінде фортепианодан сабақ береді. Бос уақытында классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

Үшінші жеңімпаз 20 жастағы қарағандылық Анна Глубоковская болды. Ол Қазақстанды «Жер аруы» байқауында таныстырады. Анна Алматыда дыбыс жабдығымен айналысатын компанияда жұмыс істейді. Музыкамен әуестенеді, шетел әдебиетін оқығанды ұнатады. Бала кезінен орыс тілінен олимпиадаларға қатысқан жеңімпаз. Сонымен қатар, Анна болашақта бет әрлеуші мамандығын кәсіби түрде меңгеруді жоспарлайды.

Қазақстанның вице-аруы атағын «Спорт аруы» павлодарлық 20 жастағы Данагүл Қарабай иеленді.

«Қазақстан Аруы 2021» мерейтойлық 25-ші ұлттық байқауының финалы бірнеше жылдан кейін алғаш рет Алматыдағы «Қазақфильм» студиясында өтті.

 Финалдағы шоу кезінде Қазақстанның ең әдемі қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты. Дәстүрлі костюмдерді киіп шыққан көрсетілімнен басқа, залдағы және тікелей эфирдегі көрермендер финалистердің ерекше өнерін тамашалай алды.

Сахнада байқаудың төрт қатысушысы өнер көрсетті, олардың номерлері қазылар алқасы тарапынан үздік деп танылды:  «Алматы аруы» Әсият Исембаева «Кербез» ұлттық биін, «Астана Аруы — 2019» Айзада Хабиболаева қобызда Антонио Вивальдидің «Шторм» шығармасын, «Астана Аруы — 2021» Айдана Ахантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің «Жаңбыр» әнін, «Таланты ару» Полина Филимонова Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Салтанатты рәсімнің жүргізушілері «Қазақстан аруы — 2013» Айдай Исаева мен танымал тележүргізуші Арнұр Ыстыбаев болды.

Өнер көрсеткен кеш қонақтарының арасында «101» тобы, MEZZO, QANAY, DJ Puza және Mira De Leon секілді танымал қазақстандық әртістер де болды.

Биыл қазылар алқасының құрамында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы — 2013» иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen, «Қазақстан Аруы», публицист Виктория Момынбаева, Еffective Media Liaison (Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz) ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин, қоғам қайраткері Совет Сейітов, «Қазақстан Аруы» директоры Алена Қырбасовалар отырды, ал қазылар алқасының төрағасы танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев болды.

Байқаудың 28 қатысушысының ішінен қазылар алқасы 15 — 13 қызды таңдады, біреуі таланттар байқауының жеңімпазы, екіншісі missqazaqstan.kz сайтындағы дауыс беру жеңімпазы болды.

Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы үздік 15 қыздың арасынан өздері туралы айтатын гранд-финалға бес қызды таңдады. Гранд-финалдың 5 жеңімпазын қазақстандықтар тікелей эфир кезінде басталған сайттағы дауыс беру арқылы таңдады.

Еске салайық, 2020 жылы «Қазақстан Аруы» ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы пандемияға байланысты дәстүрлі шоуды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар