#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда «Тұран» бокс клубы құрылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен оның бапкері Мырзағали Айтжановты қабылдады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен оның бапкері Мырзағали Айтжановты қабылдады. Кездесуде қазақ боксының даму барысы, Түркістан өңірінің жастарын боксқа баулып, чемпиондар шоғырын шығару мәселелері сөз болды. Өңір басшысы бапкер мен спортшының жетістігін жоғары бағалап, облыста спортты дамытуға жағдай жасалып жатқанын, одан да жақсы дамыту үшін ұсыныс-пікірлерін тыңдауға дайын екенін жеткізді.
Олимпиада ойындарының 2 қола жүлдегері мен үш әлем чемпионын даярлаған даңқты бапкер Мырзағали Айтжанов Түркістан облысында бокстың даму деңгейі жақсы екенін, қолдау күшейтілсе, әлі де таланттар шығатынын атап өтті. Сонымен бірге биылғы әлем чемпионаты ерекше өткенін, тұңғыш рет жеңімпазға арнайы белбеу мен ақшалай сыйақы берілгенін, Сәкеннің жеңісі арқылы жасөспірімдердің боксқа қызығушылығы арта түскенін жеткізді. Спортқа жанашырлық танытқан өңір басшысына ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында спортшыларды жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда дамыту үшін Түркістанда бокс клубын құру мәселесі сөз болды. Жаңадан құрылатын бокс клубы «Тұран» деп аталмақ.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысында спортты дамытуға жағдай жасалып, спорт нысандары салынып жатқанына тоқталды.
– Түркістанда халықаралық талапқа сай спорт кешендері ашылды. Бірқатарының құрылысы жүріп жатыр. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені де салынуда. Біз спорттың барлық түрін дамытамыз. Оның ішінде бокстың орны ерекше. Еліміздегі №1 спорт деуге болады. Толық қолдаймыз. «Тұран» бокс клубы жасақталып, оған тиісті көмек беріледі. Кәсіпкерлер мен демеушілер де бұл бастамаға үлес қосады деп ойлаймын, – деген өңір басшысы білікті бапкер мен шәкіртіне Түркістанда жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...