#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Мал азығы тапшылығының алдын алу бойынша аудан, қала әкімдеріне тапсырма берілдіерілді

Түркістан облысы бойынша жалпы көмір отынының қажеттілігі 850 мың тоннадан асады.

Оның ішінде 240 мың тоннадан астамы коммуналдық — тұрмыстық қажеттілікке бағытталса, тұрғындардың үшін 600 мың тоннадан аса көмір қажет. Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 143 мың тоннаға жуық және ол 100 пайыз тасымалданған. Өңірде көмір тапшылығы жоқ. Жылыту маусымының барысы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында қаралды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.Тұрғамбаевтың баяндауынша, өңірде көмір тасымалдайтын 24 мекеме бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14700 — 20000 теңге аралығында, ал темір жол тұйығы жоқ елді мекендерде 20 000 — 26 000 теңге арасында саудаланып жатыр. Жауапты мекеме басшыларына қатты отын бағасының көтерілуіне жол бермеу бойынша хат жолданды.
Түркістан облысын газдандыру жұмыстары қарқынды. Өңірде құрылысы аяқталған 300-ге жуық газбен қамтамасыз ету нысандарын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың бірқатары жыл соңына дейін пайдлануға беріледі. Соңғы мәлімет бойынша Түркістан қаласында толық табиғи газбен қамтылу деңгейі 85,9 пайызды құрады. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан жаңа 7 қабатты 10 тұрғын үйде газ беру жұмыстары толық аяқталған. 7 қабатты 14 тұрғын үйдің жылу жүйесі пәтерішілік газ тұтынатын автономды газ қазандықтарымен жобаланған.
Түркістан облысында қажеттілік болған жағдайда мал азығын сатып алу үшін шаруаларға төмен пайызбен несие беріледі. Бұл жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов баяндады. Биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысы Сарыағаш, Келес аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізгені белгілі. Мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Берілетін несиенің шарттары бойынша жылдық үстеме қаржысы 6 пайыздан аспайтынын және кәсіпкерлік сертификат талап етілмейтінін жеткізді. Өңірде 4,2 млн тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалған.
«Мал азығымен қамтамасыз ету – аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Сондықтан оған тікелей жауап бересіздер. Барлық шаруашылықтарды зерделеп, сараптама жасау керек. Егер ауданда шешілмейтін, облыстық деңгейдегі мәселе болса, бізге шығыңыздар. Көмектесейік. Қаржы ұйымдарымен келісіп отырмыз, қажет болса, төмен бағамен несие берейік. Ұлттық парк аумақтарына мал жаюға рұқсат алып бердік. Тағы да қолдау керек болса, ол жағын да қарастырамыз. Жергілікті аумақтарда ауыл шаруашылығы саласын дамыту, бақылау аудан, қала әкімдерінің міндеті. Жұмысты ширатыңыздар» деген өңір басшысы тиісті басқарма мен аудан, қала әкімдеріне мал азығы тапшылығын жою, осы саладағы мәселелерді реттеу жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар