ҰҚК Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізі акваториясында браконьерлікті тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара нәтижесінде шекарашылар теңіз кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 246 түрлі құқықбұзушыны және 24 қайықты ұстады.
«Браконьерлік аулау құралдары — 179 шақырымнан аса тор және ілмек құралдары, бекіре тұқымдас балықтар — 533 дана (3 600 килограмм), бөлшек балықтар — 4 006 дана (5 400 килограмм), үш итбалық тәркіленді», — делінген хабарламада.
Ведомство шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден аса сомаға бағаланғанын хабарлады. Тәртіп бұзушыларға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.