#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШҚО-да қару сақталған жасырын қойма табылды

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару-жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының полиция ​басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару-жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының полиция ​басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макаров қаруы жасырылған қойма табылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Семей-Ресей шекарасы» автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макаров тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын 1 дана көлемінде металл зат шығарылды.

Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына​ тиесілі екені анықталды.

«Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды», деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дәуренбеков.

Аталған ​ факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының ​ 3-бөлігін басшылыққа​ ала​ отырып, ​ (қаруды, оқ – дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар