#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Жастар лигасының екінші кезеңі өтеді

Шымшаһарда мектеп оқушылары мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылуда.

Шымшаһарда мектеп оқушылары мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында спорттық сайыс ұйымдастырылуда.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтылды. Баспасөз жиынында қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Дәрменов және қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Айтбаев «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңі қалай өтетін баяндады.
Брифингте сөз алған Ерлан Садырбайұлы мегаполис жастары спорттың төрт түрінен бақ сынасатынын жеткізді.
– Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты, — деп мемлекет басшысы мәлімдеген болатын. Президент бұл ойымен бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударып отыр. Осы орайда Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен екінші мәрте «Шымкент жастар лигасы» жобасы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізіледі, — деді Е. Айтбаев.
Ал қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелерінің тарапынан қазіргі уақытта 143 мектептен өтінім келіп түскенін айтты. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда жасақталғанын жеткізді. Оның ішінде 7 жоғары оқу орыны және 30 орта арнаулы оқу орыны қатысуға өтініш берген.
– «Шымкент жастар лигасы» жобасы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында қазан айынан бастау алып, желтоқсан айына дейін жалғасады. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында қазан — мамыр айлары аралығында бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, айналымдық кездесу арқылы өтеді, — дейді шаһардың бас ұстазы.
Жиында қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлы лига ойындарына әділ баға беру мақсатында арнайы лицензиясы бар білікті төрешілер төрелік ететін айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар