#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыпталды

"Талибан" қозғалысы өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыптады.

«Талибан» қозғалысы өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыптады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Талибан» қозғалысы өкілі Забиулла Мужахид Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

About airspace of Afghanistanhttps://t.co/3SmnYkCpHN pic.twitter.com/huIue3NXD2

«Ауғанстан Ислам Әмірлігі — елдегі жалғыз заңды тұлға ретінде Ауғанстан жері мен әуе кеңістігін күзетуші. Біз жақында АҚШ-тың Ауғанстан Ислам Әмірлігі егемендігін, сондай-ақ, біздің әуе кеңістігімізге ұшақтарын жіберу арқылы халықаралық құқық нормаларын бұзғанын көрдік. Бұл жағдайды алдын алу керек», — деді «Талибан» өкілі.

Мужахид Вашингтонды Доха келісімін сақтауға шақырды. Оның айтуынша, болашақта ауған билігі ел аумағына басып кіру әрекетін тоқтатады.

«Біз барлық елді, әсіресе АҚШ-ты Ауғанстанға халықаралық құқықтар, заңдар мен міндеттемелер тұрғысынан және әртүрлі теріс салдардың алдын алу үшін өзара құрметпен қарауға шақырамыз», — делінген «Талибан» мәлімдемесінде.

Бұған дейін Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі халықаралық рейстерді қайта бастау туралы үндеу жариялап, авиакомпаниялармен келісіп, Кабул әуежайындағы мәселелер шешілгенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар