#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстандық фильм Нью-Йорктегі кинофестивальде көрсетіледі

«Жаным, ты не поверишь« фильмі New York Asian Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі.

«Жаным, ты не поверишь« фильмі New York Asian Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

12 тамызда қазақстандық картинаның Солтүстік Америкада тұсаукесері өтеді. Кинофестиваль биыл онлайн форматта да, офлайн режимде де өтеді. 6 тамыздан 22 тамызға дейін Линкольн орталығында 60-тан аса түрлі жанрдағы фильм көрсетіледі.

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, ты не поверишь» картинасының тарихы жас жұбайлар арасындағы қарапайым отбасылық жанжалдан басталады (Данияр Алшинов пен Әсел Қалиева). Жағдай шиеленісе бастағанда Дастан есімді бас кейіпкер (Азамат Маркленов, Ерлан Пірімбетов) бизнесмен және учаскелік полиция қызметкері балық аулауға шығады. Күтпеген жағдайлар бұл күнді қанды оқиғаға айналдырады.

«Біз батыл, күлкілі, қызық кино түсірдік. Бір жағынан авторлық кино, осыған дейін түсірілген басқа кинокартиналарға ұқсамайды, екінші жағынан мүлдем көрермен күтпеген оқиғаларға толы, көптеген жұлдыздармен, музыкамен және керемет әзілмен толыққан фильм. Сценарийде еркіндік көп. Режиссёр ретінде айтарым, бұл фильм көрермен тарапынан жоғары бағалатын туынды болады», деді фильм режиссері.

Айта кетейік, «Жаным, ты не поверишь» Каталониядағы Халықаралық кинофестивальдің (Sitges International Film Festival) конкурстан тыс бағдарламасында таныстырылды, сондай-ақ ресейлік «Киношок-2020»кинофестивалінде үш марапатқа ие болды, оның ішінде «Золотая лоза» фестивалінің бас жүлдесі де бар.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...