#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтааралда жылдың соңына дейін 2 ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда

Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен "Түркістан" индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.

Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.
Ең алдымен басшылар Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында болып, «Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауытының және «Soldatos» ЖШС-не тиесілі асфальт-бетон өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов кәсіпорындардың бүгінгі ахуалы туралы кеңінен ақпарат беріп, жаңа инвестициялық жобалар туралы да пікір бөлісті.
«Береке ММА» ЖШС-нің мақта зауыты жылына 20 мың тоннаға дейін мақта талшықтарын өндіре алады. 80 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорынның жалпы құны 450 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, «Soldatos» ЖШС-нің асфальт-бетон өндірісі тәулігіне мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. 30 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс ошағының жалпы құны 300 миллион теңге.
Индустриалды аймақта жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған тағы бір кәсіпорын — «El-KZ» ЖШС-нің темір-бетон өндірісі. Жылына 11-12 мың метр куб өнім шығаратын кәсіпорынның жалпы құны 209 миллион теңгені құрап отыр. 17 адам жұмыспен қамтылмақшы. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы бойынша құрылып отырған нысан үшін индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген.
Мұнан соң қонақтар Атакент кентінде жұмысы тоқтап тұрған «Еспол» ЖШС-нің ұн өнімдерінің өндірісімен танысты. Кәсіпорынның қайта жұмыс жасауы үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 200 миллион теңге көлемінде қаржы қажет. Нысан иесі осы мәселе бойынша көмек сұрады. Зауыт іске қосылса тәулігіне 40 тонна бидай өңдеп, 28 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.
Басшылар Атакентте жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған «АААР» ЖШС-нің мақта өңдеу затының құрылысына да куә болды. Жылына 30 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыттың жалпы құны 1,2 миллион долларға жетіп отыр. Нысанның жер көлемі 9,27 гектарды құрайды. Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын іске қосылғаннан соң 100 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Айта кетейік, жұмыс сапарының соңында Қ.Әзімов пен С.Медетбеков Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлермен арнайы жиын өткізіп, аудандағы кәсіпкерлік бойынша мәселелерді өзара талқылады. Жиын барысында пысықталған потенциялды жобаларды қарау, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы, индустриалды аймақтағы мәселелер және кәсіпкерлік бойынша жобаларды қаржыландыру мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...