#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жетісайда 101 жастағы ана еңбек және тыл ардагері дауыс берді

Түркістан облысының күнгей өңірі - Жетісай ауданы, Ж. Ералиев ауылдық округінде 6 сайлау учаскісі бар.

Түркістан облысының күнгей өңірі — Жетісай ауданы, Ж. Ералиев ауылдық округінде 6 сайлау учаскісі бар. Бұл жолы ауыл әкіміне 3 үміткер тіркеліп, бақ сынап отыр. Олардың бәрі осы ауылда туып-өскен, ауыл-елге сыйлы азаматтар, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Нұр отан партиясынан Сұлтанбек Қасымов,  Ауыл партиясынан Оразалы Калыбаев, өзін өзі ұсынған Құрманбек Рысмаханов. Сайлау алды үгіт-насихат науқанында жоғарыда аты аталған азаматтарға бағдарламаларын таныстыруға бірдей жағдай жасалған.

Тәуелсіз бақылаушы Арыстанбай Мырзахметов бізбен әңгімесінде күндізгі сағат 14. 00-ге дейін сайлаушылардың 63.2 пайызы дауыс бергенін, сайлау заңыңа кереғар жағдай тіркелмегенін, сайлаудың әділ өтіп жатқанын айтты.

Осы округтың № 1 бөлімшесінің тұрғыны, еңбек және тыл ардагері, 101 жастағы көп балалы ана Зәмира Смаилова бұл сайлаудың ерекше сайлау екенін тілге тиек етіп өтті. Замира апаның үйіне келген жылжымалы сайлау комиссиясы оның саяси науқаннан тыс қалмауы үшін барлық мүмкіндікті жасапты. 10 баласынан 100-ден астам немере, шөбере, шөпшек көріп отырған ауылдың абыз анасы бұл жолы халықтың қалауына басымдық берілетінін, бұл сайлаудың да ерекшелігі осы екенін айтты.

«Сайлауға түсіп жатқан балалар көз алдымда өсті. Оларды бір-бірінен бөлгім келмесе де өз қалауымды жасадым. Бұл сайлау заңы осы. Тіршілік сайлаумен бітпейді. Азаматтар сайлаудан кейін де бір-бірімен септесіп, ауылдың жағдайын  жақсарту үшін тізе қосып, тірлік жасайды деп үміттенемін», дейді Замира Смаилова.

Соңғы жаңалықтар