#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ауылшаруашылығы жәрмеңкелері 17 шілдеде Түркістанда басталады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырады.
17 шілдеден бастап әр сенбі сайын Түркістанда сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін «Эко-Базар» әмбебап сауда базарының аумағында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімді базар бағасынан 10-15% — ға төмен бағамен сатып ала алады.
Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Бәйдібек, Сауран, Жетісай, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Кентау және Арыс қалаларының 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Эко-Базар» әмбебап сауда базарына №1, 14, 15, 18 және 30 бағдарлар бойынша қоғамдық көлік қатынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар