#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев: «Таңғы сағат 5-те тұру керек»

Жасыл желекке оранған шаһардың ауасы таза, экологиялық ахуалы тұрақты болатыны белгілі.

Жасыл желекке оранған шаһардың ауасы таза, экологиялық ахуалы тұрақты болатыны белгілі. Мұны жақсы білетін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің маңызын естен шығармауға шақырып, көшеттерді күтіп-баптауға жауаптыларға шүйлікті. Түркістан қаласында барлығы 55 саябақ пен скверлер бар. Тамырынан нәр алмайтын қураған ағаштың көбеюіне алаңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында жауаптылар жұмысын қатаң сынға алды. Таңмен таласа оянып, қызу тіршілікке кірісуге кеңес берді.
«Таңғы сағат 5-те тұру керек. Жұмыс киімін киіп алып, барлық нысандарды аралап жүру керек. Аудандар әрқайсысы өзінің секторына жауап берсін.Көшетті отырғызғаннан бастап әр талдың түбін қопсыту, оны суару керек. Шөлдеп тұрған тал бірден көрінеді ғой. Каналдан суды бұрып, алып келу қажет болса, оны жасаңдар. Ешкім жоқ демейді. Резервуар керек па, насос керек пе, суды жеткізу керек. Каналдар не үшін керек, суарылмаса?»,-деді облыс әкімі.
Түркістандық 500-ге жуық отбасы биыл қоныс тойын тойлады. Оның шінде кезекте тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер берілді. Түркістан қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің жағдайы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, жыл соңына дейін 76 тұрғын үй жоспарға сәйкес, ай сайын қабылдаудан өткізіліп отырады.
Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй (342,7 мың ш.м., 5353 пәтер) бюджет есебінен салынуда. Жыл басынан бері 7 қабатты 6 тұрғын үй қабылдаудан өткен. Қазіргі таңда тұрғын үйлерде 2,5 мыңға жуық жұмысшы жұмыс жүргізуде. Құрылыс алаңдарына қосымша жұмыс күшін тарту бойынша қажетті шаралар атқарылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...