#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Иранда сайлау жәшіктері салынған тікұшақ құлады

Президенттік және муниципалды сайлаудан кейін сайлау жәшіктерін тасымалдауға шыққан тікұшақ Иранның оңтүстік-батысында құлап, бір адам қаза болды, 11 адам жарақат алды.

Президенттік және муниципалды сайлаудан кейін сайлау жәшіктерін тасымалдауға шыққан тікұшақ Иранның оңтүстік-батысында құлап, бір адам қаза болды, 11 адам жарақат алды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Осы оқиғаның салдарынан жолаушылардың бірі қаза болды, ол құқық қорғау органдарының қызметкері болған, жәшіктерді күзеткен, тағы 11 адам жарақат алды», — деді оқиға болған Хузестан провинциясының губернаторы Касем Сулеймани Даштаки.

Жұмада Иранда президент сайлауы өтті. Дауыс беру бастапқыда түн ортасына дейін жоспарланған болатын, бірақ билік сенбі, түнгі 2.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03.30) рұқсат берді. Алдын ала ресми мәліметтер бойынша, президенттік сайлауда Иранның сот билігінің басшысы Ибрахим Раиси көш бастап келеді, ол қазіргі уақытта 62 пайыздан астам дауыс жинады — 28,6 миллионның 17,8 миллионы. Раисидің барлық бәсекелесі оның сайлаудағы жеңісін мойындады.

Соңғы жаңалықтар