#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирусқа қарсы тағы бір отандық вакцинаның клиникалық сынағы басталды

2021 жылдың 15 маусымында COVID-19-ға қарсы QazCoVac-P отандық суббірлік вакцинасының клиникалық зерттеулері басталды.

2021 жылдың 15 маусымында COVID-19-ға қарсы QazCoVac-P отандық суббірлік вакцинасының клиникалық зерттеулері басталды. Вакцина 18-50 жас аралығындағы еріктілерге салынады. Бұл туралы мәлімет Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты сайтында жарияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Клиникалық зерттеулер Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында өтеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына COVID-19 алдын алу үшін жаңа вакциналық препараттың I және II фазаларына клиникалық зерттеу жүргізу үшін вакцинаны клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Бұл — SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде жасалған QazCoVac-P суббірлік вакцинасы.

Бұл БҚПҒЗИ-дың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мамандандырылған кәсіпорнында клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өткен және өзінің қауіпсіздігін көрсеткен екінші вакцинасы», — делінген хабарламада.

Молекулалық биологияның заманауи технологияларын қолдану арқылы әзірлеушілер иммундық жүйе танитын SARS-CoV-2 коронавирусының RBD- және N-ақуыздарын шығаратын бактериялардың штамдарын ала алу мүмкіндігі пайда болғаны айтылады.

«Вакцинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған ақуыздарды күрделі тазартудың барлық кезеңі жүргізілді және сапа бақылауынан өтті. Олардың құрамында вирус жоқ. Вакцина егілген зертханалық жануарлардың денесінде екінші дозаны бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 14-ші күні иммунитетті ынталандырады. Субуниттік вакциналар белсенді емес вакциналар сияқты патогеннің тірі компоненттерінен тұрады және өте қауіпсіз», — дейді институт өкілдері.

ҒЗИ мәліметі бойынша, вакцинаның құрамындағы адъювант вакциналанушының денесіне теріс әсер етпей, иммундық реакцияны тиімді ынталандырады.

«Бұл вакцинаның құрамына тек қажетті антигендер кіреді және вирустың барлық басқа компоненті кірмейді, сондықтан субуниттік вакцинадан кейінгі жанама әсерлер аз болады. Вакцинаның бұл түрінің мысалдары тұмауға қарсы вакциналар, В гепатиті, пневмококк, менингококк, гемофильді инфекциялар және басқалар.

Сәтті клиникалық зерттеулер субуниттік вакцина арқылы вакциналанғандардың контингентін кеңейтуге және ел тұрғындарында коронавирусқа ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын тездетуге мүмкіндік береді», — делінген институт хабарламасында.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы алғашқы қазақстандық препаратпен жаппай вакциналау 26 сәуірде басталған еді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...