Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлге немесе Бұқтырмаға туристер ПТР анықтамасымен немесе Ashyq жобасы арқылы барады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Бұқтырма су қоймасындағы, Алакөлдегі және «Рахман қайнарлары» санаторийіндегі демалыс базалары Ashyq жобасымен жұмыс істейді. «Жасыл» және «көк» мәртебесі бар туристер демалыс орындарына бара алады. Ал «сары» және «қызыл» мәртебесі барларға облыстың туристік аймақтарына баруға тыйым салынған», делінген құжатта.
Сондай-ақ тұрғындар аталған жобасыз да демалыс базаларына бара алады. Ол үшін берілгеніне 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесі бар ПТР анықтама немесе COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандығын растайтын паспорт қажет.