#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі.

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз», — деді министр аппарат жиналысында.

Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-ана қатысуынсыз ашық ауада өткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар