#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

АҚШ институты Қазақстанды COVID-19 құрбаны көп елдер қатарына қосты

Институттың жаңа талдауына сәйкес, әлемде шамамен 6,9 миллион адам COVID-19 құрбаны болған, бұл көрсеткіш ресми мәліметтен екі есе жоғары.

Вашингтон университетіне қарасты Медицина мектебінің IHME Денсаулықты бағалау және көрсеткіштер институты Қазақстанды коронавирустан қайтыс болғандар саны ең жоғары 20 елдің қатарына кіргізді. Мақала авторларының мәлімдеуінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың шынайы көрсеткіші ресми мәліметтегі сандардан екі есе көп, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Институттың жаңа талдауына сәйкес, әлемде шамамен 6,9 миллион адам COVID-19 құрбаны болған, бұл көрсеткіш ресми мәліметтен екі есе жоғары.

«IHME COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы статистикалық мәліметтің барлық елде айтарлықтай аз тіркелетінін анықтады. Жаңартылған талдауға сәйкес, АҚШ-та бүгінге дейін COVID-19-дан қайтыс болғандар кез-келген елге қарағанда көп болды, жалпы саны 905 мыңнан аса адам.

Жалпы өлім-жітімнің аймақтық көрсеткіштері бойынша, Латын Америкасы мен Кариб бассейні, Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ең көп зардап шекті. Бұл көрсеткіш тек SARS-CoV-2 вирусынан болған өлімді қамтиды», — деді мақала авторлары.

Қазақстан рейтингте соңғы 20-орында тұр. Порталдың мәліметі бойынша, елде коронавирустан қайтыс болғандардың нақты саны — 81 696 адам. Кестеде тіпті ресми көрсетілген сан жоғары. Институттың мәліметінше, Қазақстанда 5 620 адамның коронавирустан қайтыс болғаны ресми тіркелген. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі 7 мамырдағы жағдай бойынша, ПТР расталып, коронавирустан 3 889 адамның, COVID-19 белгілері бар пневмония мен ПТР теріс 829 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Жалпы саны — 4 718.

Сонымен қатар, коронавирустан қайтыс болғандар саны ең көп елдердің қатарында АҚШ, Үндістан, Мексика, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Италия, Иран, Египет, Оңтүстік Африка, Польша, Перу, Украина, Франция, Испания, Германия, Индонезия, Жапония мен Румыния бар.

Елдердегі ресми деректерді есептейтін Джонс Хопкинс институтының мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны — 3 271 445 адам. Бұл тізімде Қазақстан қайтыс болғандар саны бойынша 66-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...