#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

COVID-19 вакцинасын алғандар онлайн режимінен кеңселерге орала алады

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 30 сәуірде жарияланған қаулысында айтылған.

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 30 сәуірде жарияланған қаулысында айтылған. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова аталған шараны түсіндірді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Қаулыда көрсетілгендей, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу талаптарына сәйкес, «қызыл» аймақта 80%-ы қашықтан істеу режиміне, 20%-ы күндізгі режимге ауыстырылуы тиіс. «Сары» аймақта: 50% – қашықтан істеу режиміне, 50% — күндізгі режимге көшуі тиіс. «Жасыл» аймақта: 30% – қашықтықтан істеу режиміне, 70% — күндізгі режимге ауысады.

Ескертпеде ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізген жағдайда қашықтан және тікелей жұмыс орнына бару форматтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескерместен қызметін жүзеге асыратыны түсіндіріледі. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып, жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. Осылайша, вакцинацияның толық курсын алған азаматтар өздерінің тұратын жерлерінің қай аймақта екеніне қарамастан күндізгі режимде жұмыс істеуге жіберіледі.

«Әрбір жұмыс беруші оның кәсіпорны толығымен жұмыс істеуі үшін өз ұжымын вакцинациялауға қызығушылық танытады. Шынында да вакцинацияланбаған қызметкерлер қашықтан істеуге кетеді. Егер біз осы инфекцияны жеңгіміз келсе, қалыпты өмірге оралып, коронавирусты жеңе алатын иммундық қабат құрғымыз келсе, онда әркім уақтылы егілуі керек. Менің ойымша, бәрі екпе алу шешім қабылдайды және осы процесті одан ары кешіктірмейді. Егер адам вакцинаның бірінші компонентін алса, онда ол міндетті түрде екінші компоненттен өтуі керектігі туралы хабардар етіледі», деді Ә.Қалықова.

Сондай-ақ, ол жұмыс берушілер өз ұжымдарында екпе салдырудың өте маңызды екенін түсіндірулері тиіс деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...