Алматыдағы жанармай бекетінде үщ жұмысшы уланып қалған. Оқыс оқиқаға жұмысшылардың есептегіштің көрсеткіштерін алу үшін құдыққа түсуі себеп болған, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz.басылымына сілтеме жасап.
«Дәргерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Реанимация бөліміне ес-түссіз күйдегі үш адам жеткізілді. Олар жанармай бекетінде метанмен уланған. Қазіргі уақытта үш науқас та есін жиды», деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі.