Қырғызстандық жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары қайтыс болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстанда белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың жесір әйелі Мария Айтматова қайтыс болды. Өлім себебі мен жерлеу рәсімі қашан өтетіні әзірге хабарланбады.
Бұған дейін Елдар Айтматовтың әйелі Сабира Instagram желісінде бүкіл отбасымен коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатын.
Мария Урматовна 1942 жылы 13 шілдеде дүниеге келген.