#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырау балықшылары Жайықтан салмағы 150 келі тартатын бекіре аулады

Атырауда «Амангелді» ЖШС-нің балықшылары көктемгі балық аулау маусымында үлкен олжаға кенелді.

Атырауда «Амангелді» ЖШС-нің балықшылары көктемгі балық аулау маусымында үлкен олжаға кенелді, деп хабарлайды ADYM.KZ Еgemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Балықшылар Жайық өзенінің төменгі сағасынан салмағы 150 келі тартатын бекірені аулады.

Серіктестіктің балық аулау бригадасының жетекшісі Өмірзақ Әзбергеновтің айтуынша, бекіре тұқымдас алып балық 29 наурызда кешкісін ауға түсіпті. Балықшылар оны  бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында аулаған. Балық Жайық-Атырау бекіре шабағын өсіру зауытына жеткізді.

«Бекіре тұқымдас балықтың салмағы – 150 келі, ұзындығы – 2 метр 44 см. Біздің мамандар ультрадыбыстық сканьердің көмегімен бекіренің аналық екені, қара уылдырығы барын анықтады. Қара уылдырығы бар балық зауыттың тоғанында болады. Одан жасанды жолмен қара уылдырық алынады. Содан соң оны Каспий теңізіне – табиғи ортаға қайта жібереміз» дейді зауыт директоры Ғилман Сәрсемалиев.

Соңғы жаңалықтар