#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Атырауда 38 жастағы азаматтың алимент төлеуден жалтарып, халықаралық іздеуде жүргені әшкереленді.

Атырауда 38 жастағы азаматтың алимент төлеуден жалтарып, халықаралық іздеуде жүргені әшкереленді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда26 наурызда сағат 11:00 шамасында полицейлер оны көшеде мас күйде ұстаған.
«Атырау қаласындағы №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары тексеру кезінде мас жігіттің Түркістан қаласының тұрғыны екенін анықтады. Жасы – 38-де. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440бабының 1бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған 2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, қашып жүргеніне байланысты халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар