Нұр-Сұлтан қаласында және іргедегі елді мекендерде ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтарды қар құрсауынан құтқару жұмыстарына Ұлттық ұлан жауынгерлері тартылды, деп хабарлайды ADYM.K Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Белгі түскен сәттен бастап әскери қызметшілер 4 дана жоғары өтімділігі бар техникамен құтқару жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде таңғы 5.00 шамасында қар құрсауынан 30 автокөлік және 50-ге жуық адам құтқарылды.Олардың арасында егде адамдар, әйелдер және балалар бар. Әскери қызметшілер сондай-ақ құтқарылған азаматтарды ыстық шай және бутербродтармен қамтамасыз етті.