#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі

Таяуда Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды.

Таяуда Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Nur Oran партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында білім беру мазмұнын жаңғырту, оның жаңа инфрақұрылымын құру, педагогтар мен білім алушыларды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар әзірленді:

Солардың қатарында ең алдымен 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаятыны туралы айтылды.

Мәселен, Бакалавриаттардың шәкіртақысы – 26 186 теңге (2025 жылға дейін 52 372 теңге);

Магистранттардың шәкіртақысы – 66 913 теңге (2025 жылға дейін 117 098 теңге);

Доктаранттардың шәкіртақысы – 150 000 теңге (2025 жылға дейін 262 000 теңге).

Одан өзге, Алдағы уақытта 800 жаңа мектеп салынып, 5000 ауыл мектебі жаңғыртылады. Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толығымен тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады (қазіргі уақытта 10 колледж берілді).

Соңғы жаңалықтар