#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Өз баласын оңдырмай сабаған петропавлдық әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Петропавлда үш жасар қызды оңдырмай сабаған әйелдің ісі қайта қаралды. Баланың анасы 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...

БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

БҚО-дағы Атырау-Орал тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Көліктердің бірінің жүргізушісі...

Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында үш мемлекеттің қайта тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Сенім...

Желіде Петропавлдағы көпқабатты үйде болған жарылыс видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс видеосы тарады, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Полиция өкілдері бұл бірнеше күн бұрын төтенше...

Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс ітейді, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау...

Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және аудио-видео қоры биылдан бастап цифрлық форматқа көшіріліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме...

Теміртауда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті: қылмыстық іс сотқа жолданды

Теміртауда полиция қызметкері күдікті болған жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Қарағанды облысы...

Петропавлда көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі анықталды

ӨКҚ брифингінде Петропавлдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі аталды.

ӨКҚ брифингінде Петропавлдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі аталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

СҚО ТЖД басшысы Рамиль Камалов көпқабатты ғимараттан 7 газ баллоны, оның ішінде жарылған баллонның да шығарылғанын айтты. Өрттің шығуына да сол себеп болған. Сондай-ақ, ол тыйым салынғанына қарамастан баллондарды пайдаланған кафелерді атады. Газ баллондар үй тұрғындарының ас үйінде де болған. Бұрынғы жатақхана орталық газға қосылмаған.

«Жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. «Қаражорға» кафесінің ас үйінде газ баллоны жарылды. Ғимараттың бірінші қабатында кәсіпкерлер нысаны орналасқан. Жарылыс кезінде іргелес қабырғалар мен бөлімдер қираған. Бұл «Қаражорғаға» жақын орналасқан «Версаль» шаштаразы, екінші жағында «Хочу шашлык» кафесі. Қазіргі уақытта баллонның жарылу себебі анықталып жатыр», — дейді СҚО ТЖД бастығы.

Брифингте көптеген пәтер иесінің үйіде болмағаны, сондықтан өрт сөндіру үшін есіктерді бұзуға тура келгені хабарланды. Бұл өртті сөндіру жұмыстарын баяулатқан.

«Өртті сөндірудегі қиындық жарылыс кезінде өрттің бірінші және екінші қабатқа қарқынды таралуынан болды. Нысанның өзі бес қабатты, дәліздер үлгісінде салынған. Онда да тұрмыстық заттар тұрған. Сондықтан өрт күшейе түсті. Бөлмелерде де өрт шықты. Қатты түтін және аязды ауа райы өртті жылдам сөндіруге кедергі болды», — дейді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Айта кетейік, бұрынғы жатақхана ғимаратында 21 ақпанда өрт шыққан еді. 120 адам эвакуацияланды, 2 адам қайтыс болды. Қазір тұрғындар университет жатақханасына орналастырылды. СҚО әкімінің айтуынша, пәтер иелері қаржылай көмек алады, ал үй бюджет есебінен қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар

10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады

Биыл 10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қарулы Күштерде коронавирус жұқтыру дерегі екі есе азайды

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.   Роталардың үйлесімдігі...

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Қырғызстан армиясына көмектесуге, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан мен Қазақстан басшысы қатысқан брифингте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  ТЖД өкілдері бала...

Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан

2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп, деп...

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Шымкент қаласы әкімі...

Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке...

Қазақстанда өрттен қаза тапқан адамдар саны артты

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...