#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қырғызстанмен шекарада белгісіз жағдайға байланысты 100 жүк көлігі қозғалысы шектелді

Қырғызстан-Қазақстан шекарасының" Қарасу-автожол" бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктерінің қозғалысы баяулады.

Қырғызстан-Қазақстан шекарасының» Қарасу-автожол» бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан тарапының ақпараты бойынша,»Қарасу-автожол» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің қызметінде болған іркіліске байланысты жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Осыған байланысты, 2021 жылғы 19 ақпандағы 15:00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстан аумағындағы «Ақ тілек-автожол» өткізу пунктінде қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара учаскесінде шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 100-ге жуық жүк көлігі тұр», — делінген Қырғызстан ведомствосының хабарламасында.

Қырғызстан тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар үшін шектеулер жоқ. Сондай-ақ, Қырғыз-Қазақстан учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарада адамдар мен автокөлік құралдарының жиналу дерегі тіркелген жоқ.

«Мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік шекара қызметі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды», — делінген хабарламада.

Ал Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі шекарадағы бұл туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Инспекциялық тексеру кешені жұмыс істеп тұр, ешқандай ақау жоқ», — деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Соңғы жаңалықтар