#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Қазақстанның 11 өңірінде жолдар жабық

Қазақстандағы 14 өңірдің 11-інде жолдар жабық. Себебі - қар, мұз, боран, жолдың нашар көрінуі. Жолдардың жабылуы туралы ақпаратты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің...

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және...

«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді

«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 млн-нан астам теңге өндірілді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  Атырау облысы бойынша экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Шымкент қаласы әкімі...

Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты

Танымал «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) Криштиану...

Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады

2021 жылғы 26 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі дәрі-дәрмек партиясын Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз алып өтудің...

Бакуда Қазақстан Президентінің реформалары талқыланды

Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Милли Меджлисі депутаттарымен, ТүркПА Бас хатшысымен, «Әзербайжан-Қазақстан» республикалық достық қоғамының және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Милли Меджлисі депутаттарымен, ТүркПА Бас хатшысымен, «Әзербайжан-Қазақстан» республикалық достық қоғамының және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап. 

Кездесу Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындыларын және саяси реформалардың барысын талқылауға, сондай-ақ Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының келешегі туралы пікір алмасуға арналды.

Парламенттік сайлауды қорытындылай келе, Елші кездесуге қатысушыларды Қазақстанда кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы, оның ішінде көппартиялықты дамыту, әйелдер мен жастарды ел саясатын қалыптастыруға тарту, парламенттік оппозиция ұғымын заңнамалық ресімдеу, ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, тәуелсіздіктің 30 жылдығында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында одан әрі демократияландыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа реформаларға бастамашы болғаны және жалғастырып келе жатқаны атап өтілді.

Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында ұсынған жаңа бастамалары туралы айта келе, отандық дипломат олардың Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі институционалдық дамыту және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

С.Әбдікәрімов Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар адамдардың қоғамдағы әлеуетін дәйекті түрде ашуға бағытталғанын және оларды таяудағы он жылда табысты іске асырған кезде Қазақстан елдің жаңа бейнесі мен ұлттың жаңаша бірегейлігін қалыптастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Әзербайжан депутаттары мен сарапшылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Саяси партиялар арасындағы бәсекелестік үшін жағдай жасау, азаматтық қоғамды онлайн-петициялар арқылы шешімдер қабылдауға тарту, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, сондай-ақ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын дамыту сияқты идеялар олардың қызығушылығын тудырды.

Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылай отырып, кездесуге қатысушылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жақтайтындықтарын растады.

Соңғы жаңалықтар

10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады

Биыл 10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қарулы Күштерде коронавирус жұқтыру дерегі екі есе азайды

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.   Роталардың үйлесімдігі...

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Қырғызстан армиясына көмектесуге, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан мен Қазақстан басшысы қатысқан брифингте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  ТЖД өкілдері бала...

Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан

2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп, деп...

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Шымкент қаласы әкімі...

Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке...

Қазақстанда өрттен қаза тапқан адамдар саны артты

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...