#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қырғызстан Қазақстанмен шекарада екі өткізу пунктін ашты

Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы "Кен-Булун-автожол" және "Токмок-автожол" бақылау-өткізу пункттері жұмысын қайта бастады.

Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы «Кен-Булун-автожол» және «Токмок-автожол» бақылау-өткізу пункттері жұмысын қайта бастады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтын сілтеме жасап.

«2021 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша, мемлекеттік шекараның Қырғызстан-Қазақстан учаскесінде Шу облысындағы «Ақ тілек-автожол», «Чалдыбар-автожол», «Кен-Булун-автожол», «Токмок-автожол» және Талас облысындағы «Чон-Капка-автожол» өткізу пункттерінде азаматтар мен көлік құралдары өткізіледі. «Ақ тілек-автожол», «Чалдыбар-автожол» және «Чон-Капка-автожолда» жүк автокөлік құралдары өткізіледі. Ал «Кен-Булун-автожол» азаматтар мен көлік құралдары үшін, сондай-ақ Қырғызстаннан Қазақстанға бос жүк автоқұралдарын өткізу үшін ғана ашық», — деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, жүк темір жол құрамаларын өткізу «Қайыңды-теміржол» өткізу пункті арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Еске салайық, Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан өту үшін адамдарға 72 сағатқа жарамды COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама қажет.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Соңғы жаңалықтар