#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз нәрестесін өлтіргені үшін сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығынан шектелді,

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығынан шектелді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыз баласын 2020 жылдың 22 тамызында үйінің дәретханасында дүниеге әкелген. Біраз уақыттан кейін жедел жәрдем бригадасы нәрестенің өлімін тіркеді. Полиция қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «Жас баланы өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. 2021 жылдың қаңтарында іс Нұр-Сұлтан сотына жіберілді.

Сотта қыз өзінің жүкті екенін білмегенін, өйткені салмағы шамамен 120-130 келі болған соң өзгеріс байқамағанын айтты. Ал жүктілік кезінде етеккірдің болмауын бүйрек ауруы мен гормондардың бұзылуымен түсіндірді.

«Мерекеде отырғанмын, бір кезде өзімді қатты жайсыз сезініп, үйге қайтып кеттім. (…) Дәретханада ішім ауырды, мен баланың басын көрдім, ол дәретханаға құлап түсті. Мен ағамның әйелінен кіндікті кесу үшін қайшы алып келуін өтіндім. Мен баланы дәретханадан шығарып, оны тегенеге жатқызып, пакетпен жауып қойдым», — деді қыз сотта.

Сотталушының айтуынша, балада өмір белгілері болмаған және көгеріп тұрған.

Алайда сараптама баланың ауыз қуысы мен мұрын қуысын жабу арқылы механикалық асфиксиядан қайтыс болғанын анықтады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал адвокат қызды қылмыс жасамағандықтан толық ақтауды өтінді.

Қыз соңғы сөзінде ата-анасынан және сот процесіне қатысушылардан кешірім сұрады.

«Құрметті сот, мені бостандығымнан айырмаңыз. Үш ай түрмеде отырып бостандықтың, таза ауамен дем алудың не екенін түсіндім. Мені денсаулығыма немқұрай қарағаным үшін кешіріңіз. Сәбиімнен кешірім сұраймын, жүктілігім туралы шынымен білгем жоқ. Мен балаларды жақсы көремін, балабақшада жұмыс істедім, мен мұндайды істей алмас едім», — деді сотталушы.

Сот істі Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» деп өзгертіп, сотталушыны екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар