#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда 600-ге жуық медицина қызметкеріне вакцина салынды

Түркістан облысында екі тәулік ішінде 572 медицина қызметкері короновирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады.

Түркістан облысында екі тәулік ішінде 572 медицина қызметкері короновирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүргізілуде, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Өңірде коронавирус індетіне қарсы 20 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген. Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынады. Яғни жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған азаматтар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар