#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды.

Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткерлер:

Сауытбек Әбдірахманов — Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;

Аветик Амирханян — БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов — Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева — Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
Юрий Ли — «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
Шамиль Осин — «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -«ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов — «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының өкілдері ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс бергенін атап өтті.

Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға — 270, Ілияс Буларовқа — 274, Наталья Деменьтевке — 292, Вакиль Набиевке — 285, Юрий Лиге — 282, Шамиль Осинге — 271, Владимир Тохтасуновқа — 277, Абилфас Хамедовке — 290 бюллетень берілген.

Соңғы жаңалықтар