Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, праймериз жеңімпазы, облыстық мәслихат үміткері Калыйма Жантөреева фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Эфир барысында тұоғындар сұрағына орай, Калыйма Жантөреқызы Кентау қаласының тозығы жеткен кәріз жүйелерінің құрылысы туралы мәселе көтерді.
«Кентау қаласындағы кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 86,6 шақырымды құрайды. Жүйенің құрылысы 1955-1960 жылдары аралығында жүргізіліп, пайдалануға берілген. Онда 16 тазарту тұндырғыштары орналасқан. Оның алаңы 18 текше метр, тереңдігі 18 метрді құрайды. Кәріз жүйелерінде бетон науалары, бетон каналдары мен арықтары қолданылады. Сүзу өріс алаңы 48 гектар аумақта орналасқан. Кәріз жүйелеріне 12500 абонент қосылған» , – деді Калыйма Жантөреқызы.
Бүгінгі таңда кәріз жүйелерінің және кәріз су тазарту станциясының тозығы жетуіне байланысты қаладағы 52 мөлтек аудандағы көшелер мен Степная, Шахтерская көшелерін және Бүргем елді мекенін кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету және жаңа кәріз су тазарту станциясының құрылысын жүргізу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Жобаны іске асыруға 36 ай кетеді. Жобалау сметалық құжаттарын аяқтау 2020 жылға жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд.теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 91 млн.теңге жұмсалмақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. «Осындай халықтың көңілінде жүрген өзекті проблемаларды шешуді «Nur Otan» партиясы ұдайы бақылауында ұстайды» , – деді үміткер.
Тікелей эфир барысында Кентау қаласының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту туралы да сөз қозғалды. Қазіргі таңда Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері бойынша 38 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 468,9 шақырымды құрайды. «Nur Otan» партиясы 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл үшін 2022-2024 жылдары 4 шағын атап айтсақ, Ойық, Егізқара, 32 разъезд, Қаратөбе елдімекендерінде локальды су жүйелерін шешу көзделуде. Нәтижесінде Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері толық 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Аталған үміткер бұл мәселелерді Кентау қаласы тұрғындарымен кездесуде де тұрақты түрде түсіндіріп, ұсыныстарды тыңдап келеді.
Ал, газдандыру жобасына байланысты Кентау қаласы бойынша 2 кезеңде яғни, Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Оранғай, Шаға, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елдімекендері табиғи газбен қамтылмақ. Осы мақсатта жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жоспарлануда. Нәтижесінде Кеншілер шаһарында газбен қамтамасыз етілген елдімекендер үлесі 65,9 пайызға, ал қала бойынша 100 пайызға жететін болады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қорының қаражатынан төленді.